logo

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Айыртау ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Қосымша білім беру орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

«Жанашыр жүрек» қайырымдылық акциясы

Қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа – жан риза» дегендей кемтар, жетім, қамқорлыққа алынған балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске атсалысу әрбір адамның азаматтық парызы.

Осы орайда 22 қазанда Қазақстан Республикасы күні қарсаңында «Жаңашыр жүрек» республикалық халықтық акциясы аясында Айыртау ауданының қосымша білім беру орталығының ұжымымен Айыртау ауданының балаларды қолдау орталығында қайырымдылық концерті өтті.

«Әр қазақ менің жалғызым» дейтін ұлтқа қайырымдылық көрсету жат емес. Тек сол бауырмалшыл қайырымдылық мәдениетті ел арасында  қайта жаңғырту керек. Ол үшін осындай жалпыхалықтық шаралар аса қажет ақ.

   

22.10.2022
Қаралым саны: 67