Солтүстік Қазақстан
облысы әкімдігінің
2020 жылғы 21 желтоқсандағы
№341 қаулысымен
Бекітілген
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Айыртау ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Қосымша білім беру орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Жарғысы
2020 жыл
І. Жалпы ережелер
1.1.«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Айыртау ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Қосымша білім беру орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (әрі қарай – Кәсіпорын), мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны болып табылады, Қазақстан Республикасының Конституциясымен сәйкес балаларға қосымша білім беруге, өнерге, спортқа, техникаға және білімге баулу бойынша өзінің қызметтерін Жарғы және заңнамамен жүзеге асырады.
1.2. Осы Жарғы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңы, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік меншік туралы» заңдарына сәйкес жасалған.
1.3. Кәсіпорынның толық атауы:
Мемлекеттік тілінде: «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Айыртау ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Қосымша білім беру орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
Орыс тілінде: Государственное коммунальное казенное предприятие «Центр дополнительного образования» коммунального государственного учреждения «Отдел образования Айыртауского района» коммунального государственного учреждения «Управление образования акимата Северо-Казахстанской области»
1.4. Кәсіпорынның заңды мекен-жайы: индексі 150100, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы, Саумалкөл селосы, Макаренко көшесі, 1 үй.
1.5. Кәсіпорынға қатысты мемлекеттік меншік субъектісінің функцияларын атқаратын орган Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі (әрі қарай-Құрылтайшы) индексі-15001, Құрылтайшының заңды мекен-жайы Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі,58.
1.6. Кәсіпорынның мемлекеттік басқару органы «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып табылады. (әрі қарай –мемлекеттік басқару орган).
2. Кәсіпорынның заңды мәртебесі.
2.1. Кәсіпорын мемлекеттiк тiркелген сәттен бастап заңды тұлға құқығын иемденедi.
2.2. Кәсіпорынның мөрі, бұрыштық мөртаңбасы, бөлімнің атауы бар бланкілер,банкте есеп-шоты бар.
2.3. Кәсіпорын мекеме Кәсіпорынның құрылтайшысы рұқсатымен басқа заңды тұлғаны құру, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алады.
3. Кәсіпорын қызметінің түрі, мақсаты мен міндеттері
3.1. Кәсіпорын қызметінің түрі оқушыларға қосымша сапалы білім беру, ұлттық және жалпы адами құндылықтартар негізінде тұлғаның кәсіби қалыптасуын, ғылым мен тәжірибе жетістіктерін дамытуды жүзеге асыруы болып табылады
3.2. Кәсіпорын қызметінің мақсаты:
- Баланың жеке дамуына барлық жағдайларды жасау;
- Балалардың денсаулығын нығайту, кәсіптік өзін-өзі анықтау, шығармашылық жұмыс, олардың қабілеттерін жүзеге асыру;
- Балаларды қоғамдық өмірге бейімдеу;
- Бос уақытын тиімді пайдалануды ұйымдастыру;
- Азаматтық өз санасын қалыптастыру, жалпы мәдениет, салауатты өмір салтын ұстану.
3.3. Кәсіпорынның негізгі міндеттері:
- Тәрбиеленушілердің мүмкіндіктері мен жан-жақты қызығушылықтарын дамыту, сонымен қатар жоғары моралдік және танымдық, интернациолизм, азаматтық, патриоттық қалыптастыруда бағытталған жалпы білім беретін бағдарламалар ұйымдастырады;
- Танымдық және салауатты өмір салты негіздерін берік қалыптастыру;
- Жасөспірімдерді Отаны-Қазақстан Республикасына деген махаббатын сонымен қатар патриоттық және азаматтық сезімін тәрбиелейді.
3.4. Кәсіпорын өз құзыреті шеңберінде құқығы бар:
- Ішкі тәртіптің ережесін әзірлеу және бекітуді;
- білім алушылар шектелімін қалыптастыруды;
- талаптарына сәйкес кәсіпорынды қажетті материалдар және жабдықтармен жарақтандыруды;
- Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес, басқа да өкілеттікті жүзеге асыруды.
4. Кәсіпорын қызметінің түрлері мен жұмыс режимі
4.1. Қызмет түрлері:
- Әртүрлі музыкалық аспаптарда ойнауға оқыту.
- Хореография өнеріне оқыту.
- Академиялық, халықтық, эстрадалық ән шырқауға оқыту.
- Бейнелеу өнеріне оқыту.
- Театр өнеріне оқыту.
- Сәндік-қолданбалы өнерге оқыту.
- Робототехника.
- Фотоүйірме.
- Өлкетану.
- Компьютерлік анимация.
- Сән және дизайн.
- Шахмат үйірмесі.
- Журналистика үйірмесі.
- Өзге де өнер, спорттық,техника және ғылым түрлерін оқыту.
- Эстетикалық талғамын дамытуға бағытталған мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуді, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеуді, салауатты өмір салтын насихаттауды жүзеге асырады.
4.2. Кәсіпорын қалыпты жұмыс күні күніне 8 сағаттан, аптасына 40 сағаттан аспауы тиіс. (9.00 – 18.30 дейін. Үзіліс 13.00-14.30) Жұмыс күні ұзақтығы аптасына бес күн, екі күн демалыс.
5. Кәсіпорынның қызметін ұйымдастыру.
5.1. Кәсіпорын Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңына сәйкес бес жылда бір рет мемлекеттік аттестациядан өтеді.
6. Кәсіпорынға қабылдау тәртібі
6.1. Кәсіпорынға 6 жастан 17 жасқа дейінгі балалар қабылданады.
6.2. Кәсіпорынға тәрбиеленушілерді қабылдағанда немесе басқада заңды өкілдеріне кәсіпорын Жарлығымен, білім беру қызметін дәлелдейтін лицензиямен және қабылдау тәртібін реттестіретін басқа да құжаттармен міндетті түрде таныстыру. Қабылдау тәртібі білім беру мекемесінің қабылдау тәртібіне және өзінің саласына сәйкес белгіленеді.
6.3. Білім беру ұйымына оқудың ерекшеліктеріне сәйкес келмейтің, медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ оқушылар қабылданады.
6.4. Оқушыларды ата-ананың немесе заңды өкілдерінің жазбаша өтініші, медициналық анықтама, туу туралы куәлігінің көшірмесі немесе жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі негізінде, басшымен қабылдау жүргізіледі.
6.5. Музыка және вокал бөлімдеріне қабылданар кезінде оқушылар музыкалық өнері саласындағы табиғи таланттары мен қабілеттерін анықтау бойынша тыңдалымнан өтеді.
6.6. Оқушыларды қабылдау кәсіпорын басшысының бұйрығымен бекітіледі.
6.7. Оқушыларды оқудан кәсіпорын басшысының шешімімен келесі жағдайларда шығарылады:
- Ата-аналардың бастамасымен (заңды өкілдер)
- Оқуын денсаулық жағдайларына байланысты жалғастыруға кедергі
- Басқа оқу орнына ауыстыру тәртібімен
- Білім беру орталығының бастамасымен
- Білім беру орталығын аяқтауымен
6.8. Баланы оқудан шығару туралы ескерту ата-аналарға немесе оларды ауыстыратын адамдарға 10 күн бұрын хабарландырылады.
7. Кәсіпорынның білім беру үрдісін ұйымдастыру
7.1. Кәсіпорында білім беру және тәрбиелеу мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.
7.2. Оқу-тәрбие жұмыстары оқушылардың мүддесі, олардың жан-жақты жас ерекшелігі мен жалпы білім дайындығы ескеріле отырып тиісті тәртіппен бекітілген оқу жоспары мен бағдарламасына сәйкес жүргізіледі.
7.3. Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңына сәйкес мектептен тыс ұйымдардағы оқытушылардың нормативтік оқу жүктемесі - аптасына 18 сағат.
7.4. Әр топтарда 1-ші оқу жылында балалар саны 10 - 15 болуы тиіс, 2-ші және одан кейінгі оқу жылдарында 8 -12 адамнан.
7.5. Кәсіпорындағы топтардың саны ұсынылған өтінімдер санына және санитарлық нормаларды ескере отырып, білім беру процесін жүзеге асыру үшін жасалған жағдайларға байланысты болады.
7.6. Оқу-тәрбие жұмысының негізгі түрі, музыкалық және вокалдық бөлімдерден басқа үйірмелер де жұмыс жасайды. Үйірмелер балалардың қызығушылығы мен олардың жасына және жеке сипаттамаларына байланысты ұйымдастырылады.
Үйірме жұмысының ерекшелігі мен мазмұнына қарай мұғалім топтың барлық құрамымен бір уақытта, топтарда немесе жеке түрде сабақ жүргізеді.
Жұмыс топтардағы балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық бейімділігін дамытуға, бұқаралық іс-шараларды өткізуге және дайындауға бағытталған.
7.7. Музыка мен вокал бөлімінің оқу-тәрбие жұмысының негізгі формасы жеке оқыту формасы болып табылады.
7.8. Сабақ кестесі оқушылардың жалпы білім беру мектептеріндегі сабақтан тыс уакытына, санитарлық-гигиеналық нормалар және жас шамаларының мүмкіндіктеріне сәйкес жасалынады.
7.9. Кәсіпорындағы топтардың санын бекітуді Уәкілетті органы жүзеге асырады.
7.10.Педагог педагогикалық кеңестерде бекіттілген авторлық бағдарламалар әзірлей алады.
7.11. Музыкалық және вокал бөлімдерінің білім беру бағдарламаларын меңгеру міндетті қорытынды мемлекеттік аттестациямен аяқталады.
7.12. Кәсіпорын оқушылардың аралық аттестациядан өту түрін, тәртібін және мерзімін таңдауға құқылы.
7.13. Кәсіпорында білім алу күндізгі уақытта жүзеге асырылады.
7.14. Білім беру уақытының өлшем бірлігі 40 минутқа созылатын сабақ болып табылады. Кейбір жағдайда сабақ ұзақтығы кәсіпорын басшысының бұйрығымен анықталады.
7.15. Музыкалық және вокал бөлімдерінің оқушылары толық оқу курсын аяқтаған соң және қорытынды емтихандарды таспырғаннан кейін белгіленген үлгідегі кәсіпорынды аяқтағаны туралы куәліктер алады.
7.16. Емтихан тапсыра алмаған оқушылар, оқыған пәндер бойынша жетістіктері көрсетілген анықтама беріледі. Анықтама беру туралы шешімді педагогикалық кеңес қабылдайды.
7.17. 1 тамыздан бастап 1 қазанға дейін (ағымдағы жыл) оқу топтарын жиынтықтау,15 қыркүйектен бастап сабақтар басталады. Кәсіпорын оқушылармен оқу-тәрбие жұмысын барлық күнтізбелік жыл ішінде ұйымдастырады. Жазғы уақытта бірлестік оқушылардың тұрақты және өзгермелі құрамымен арнайы кесте бойынша жұмыс жасайды. Бейнелеу өнер студиясы, музыкалық және вокал бөлімдерінде оқу жылы 1 қыркүйектен басталады. Демалыстар жалпы білім беретін мектептердегі демалыс ұзақтығына сәйкес келеді.
7.18. Кәсіпорын дарынды балаларды облыстық және республикалық байқауларға жолдайы.
7.19. Осы Жарғыда қарастырылған жұмыстарды жүзеге асыру Уәкілетті органының рұқсатымен жүзеге асады.
8. Ақылы білім беру қызметін ұсынудың тізімі мен тәртібі
8.1. Кәсіпорын ақылы білім беру қызметтерін Қазақстан Республикасы зандарында белгілеген тәртіпте көрсете алады.
8.2. Ақылы білім беру қызметтерін жүзеге асырушы Кәсіпорын, оқушы тәрбиеленуші және оның ата-аналарының қарым - қатынастары араларындағы келісім шарт арқылы жүзеге асырылады. Онда оқу мерзімі, төлемақы мөлшері, алатын білім деңгейі және басқа да жағдайлар анықталып көрсетіледі.
8.3. Музыка бөлімінде оқыту төлемақысы және ақылы қызметтердің бағалары Қазақстан Республикасының нормативті - құқықтық актілеріне сәйкес белгіленеді.
8.4. Акылы қызмет Кәсіпорын мен ата-аналар арасында жасалған келісім – шарт негізінде жеке кесте бойынша көрсетіледі.
8.5. Кәсіпорын аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балаларға оқу ақысына жеңілдіктер қарастырылған.
8.6. Кәсіпорында мүгедек балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға тегін білім беріледі.
8.7. Қазақстан Республикасының 2007 жылдың 27 шілдедегі «Білім туралы» заңына сәйкес Кәсіпорын білім беру және ойын-сауық ұйымдастыру саласындағы қосымша ақылы қызметтерді ұсына алады.63бап
8.8. Ақылы қызмет көрсетуден түсетін кірістер материалды – техникалық базаны дамытуға, әртүрлі қоғамдық шараларын өткізуге,Кәсіпорын қызметкерлерін мадақтауға жоспарланып жұмсалады.
9. Кәсіпорын, оқушылар мен олардың ата-аналарының (заңды өкілдерінің) қатынастары
9.1. Балаларды қабылдаған кезде Кәсіпорын олардың ата-анасын немесе басқа заңды өкілдерін Кәсіпорын Жарғымен таныстыруға міндетті.
9.2. Кәсіпорын тәрбиеленушілері құқылы:
- өзінің бейімі - тұтынымына сәйкес қосымша білім беру қызметінде білім алуға;
- мектепке дейінгі тәрбие және білім беру мемлекеттік стандартына сай білім алуға;
- өзінің пікірі мен көзқарасын еркін айтуға;
- өзінің адамгершілік қасиетін құрмет тұтуға;
- жеке мүлікке қол сұқпауға;
- оқуда және қоғамдық өмірдегі жетістіктері үшін ынталандыруға және сыйақыға;
- бірнеше үйірмелерде (секциялар, топтар) оқу.
9.3. Кәсіпорынның тәрбиеленушілері міндетті:
- ішкі тәртіп ережесін сақтауға, білім ұйымының Жарғысында көзделген басқа да талаптар орындауға;
- білім беру ұйымы қызметкерлерінің, оқушылардың, ата- аналардың ар-ожданы мен қадыр - қасиетін құрмет тұтуға;
- сабақты жалпы білім беретін мектептегі оқумен ұштастыруға;
- оқу сабақтарына жүйелі түрде қатысуға, реттілік пен тәртіпті сақтауға;
- жүргізілген шараларға (жарыстарға, байқауларға, көрмелерге, өнер көрсетуге, концерттерге) белсенді қатысуға;
- кәсіпорынның мүлкіне мұқият қарауға;
- өзінің денсаулығын нығайтуға саналылықпен қарауға, салауатты өмір салтын сақтауға, маңайындағыларға нұқсан келтіретін әрекеттер жасамауға;
- ішкі ережені бұзған оқушыларға тәртіптік ықпал шарасы қолданылуы және жекелеген адамдарға немесе мемлекеттік мекемеге келген шығынның орнын ҚР заңнамаларына сәйкес толтырудың талап етілуі мүмкін.
9.4. Ата - аналар (заңды өкілдері) құқылы:
- оқушыларға жоғары деңгейде білім мен тәрбие беруді талап етуге;
- оқытушылардан және әкімшіліктен оқыту және тәрбие беру мәселесі бойынша ақпарат алуға;
- сақтау және білім беру процесін жетілдіру мәселесі бойынша білім беру ұйымының әкімшілігіне және оқытушыларға жолығуға;
- әкімшіліктің келісімі бойынша сабақтарға қатысуға;
- ата-аналар қоғамдық ұйымның органын құруға;
- ата-аналар жиналысының жұмысына және оны ұйымдастыруға, мәдени- бұқаралық және спорттық жұмыстарға қатысуға.
9.5. Ата - аналар (заңды өкілдер) міндетті:
- білім беру ұйымының қызметкерлерінің, оқушылардың, басқа ата-аналардың ар — ожданы мен қадыр — қасиетін, құқығын қадыр тұтуға;
- балалардың бос уақытын өткізуге көңіл бөліп, олардың оқудан бос уақытындағы тәртібін бақылау;
- өз баласының шығармашылық қабілеті мен қызығушылықтарын дамыту үшін айналысу іс-әрекетін таңдап алуына ықпал етуге;
- олардың балаларының білім беру ұйымына, оқытушыларға және басқа да адамдарға келтірген шығынының орнын заңнамаларға сәйкес өтеуге;
- білім беру қызметкерлерімен қызметтес болуға.
- ата-ана жиналыстарына қатысу
10 Кәсіпорынды басқару
10.1.Кәсіпорын құрылтайшының құзыретіне кіретін:
Жарғыны бекіту,кәсіпорының құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтулар енгізу,кәсіпорының мәні мен мақсатын анықтау,кәсіпорынды құру,қайта құру, атауын өзгерту және тарату туралы шешім қабылдайды.
10.2. Кәсіпорынның мемлекеттік басқаруды Уәкілетті органдары жүзеге асырады.
10.3. Заңнаманың және осы Жарғының ережелерінен туындайтын өкілеттіктерге қосымша ретінде Уәкілетті органы:
• Заңнамаға сәйкес Кәсіпорын басшысын тағайындайды және қызметтен босатады, оның аттестациясын жүргізеді;
•Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің жоспарланған көрсеткіштерінің орындалуын бақылау және оны белгіленген мерзімде Кәсіпорын құрылтыйшысына тиісті есепті ұсыну арқылы талдау.
• кәсіпорынның мүлкін мақсатты пайдалануын және қауіпсіздігін бақылау.
10.4. Уәкілетті органға есеп беретін, тікелей басқаруды Кәсіпорын басшысы жүзеге асырады.
10.5. Кәсіпорын басшысы кәсіпорындағы жұмыс жағдайы жөніндегі құрылтайшы мен уәкілетті орган алдында жеке жауапкершілікте болады.
10.6. Кәсіпорын басшысы мемлекеттік коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын жұмысын ұйымдастырады және басқарады, тікелей уәкілетті тұлғаға жібереді және мемлекеттік коммуналдық қызметке жүктелген міндеттерді орындауға және оның функцияларын жүзеге асыруға жеке жауап береді.
10.7. Кәсіпорын басшысы бірыңғай басшылық қағидаттары бойынша жұмыс істейді және өз құзыретіне сәйкес мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның қызметіне қатысты барлық мәселелерді Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Жарғымен анықтайды.
10.8. Қызметті жүзеге асыру кезінде Кәсіпорын басшысы заңнамада белгіленген уәкілеттік тәртіппен: мемлекеттік коммуналды қазынашылық кәсіпорын атынан сенімхатсыз әрекет етуге, барлық ұйымдарда мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын мүдделерін ұсынады, шарт жасасайды, сенімхат береді, мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның іссапарлар, тағылымдамалар, қызметкерлерді оқыту ,қызметкерлердің біліктілігін арттыру және өзге де қызмет түрлеріне жоспар мен тәртібін бекітуге, бұйрықтар шығаруға, қабылдау, және оларды бекіту туралы рәсімдерін жүргізеді, жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатуға, қызметкерлерді көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жаза қолдануға, мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді және осы Жарғыға сәйкес өзіне жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
11. Кәсіпорынның мүлік пен қаржыны қалыптастыру тәртібі, табыстарды бөлу
11.1. Кәсіпорынның мүлкі мемлекеттік меншік нысанасы болып табылады.
11.2. Кәсіпорынның мүлкі: негізгі қор және айналым қаражаты, құндылығы Кәсіпорынның дербес балансында көрсетілетін құндылықтар.
11.3. Мүлік жедел басқару құқығында және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шектерде беріледі. Кәсіпорын осы мүлікті иелену, пайдалану және билік ету құқығын құрылтайшы келісімімен жүзеге асырады.
11.4. Кәсіпорын мүлкі мыналардың есебінен құралады:
мемлекет берген мүлік:
қызметiнiң нәтижесiнде алынған мүлiк және Заңнамамен тыйым салынбаған өзге де көздер.
11.5. Кәсіпорынның меншігіне оның қызметіне арналған меншіктің барлық түрлері,соның ішінде ғимараттарды, құрылыстарды, жабдықтарды, материалдық-техникалық базаны, көлікті, жерге құқық кіреді.
11.6. Кәсіпорын негізгі капиталға тиесілі мүлікті сату, айырбастау, сыйлық немесе өзге де мәміле негізінде Құрылтайшы рұқсатымен банктік несие пайдалануға және сатып алуға құқылы.
11.7.Құрылтайшы Кәсiпорынның мүлкiн алып қоюға немесе қолданыстағы заңнамаға сәйкес басқа заңды тұлғалар арасында қайта бөлуге құқылы.
11.8.Кәсіпорындарды қаржыландыру көздері болып табылады:
- жарғылық қызмет нәтижесінде алынған қаражат, соның ішінде мемлекеттік тапсырыстың нәтижесінде алынған қаражат;
- заңды тұлғалар мен азаматтардың ерікті жарналары мен қайырмалдықтары;
- заңмен тыйым салынбаған басқа көздер.
11.9. Кәсіпорын үшін мемлекеттік тапсырыс міндетті болып табылады. Мемлекеттік тапсырыс Құрылтайшының қолданыстағы заңнамамен белгіленген тәртіппен Кәсіпорынға беріледі.
11.10. Кәсіпорын ақылы негізде білім беру және басқа қызметтер көрсетеді, осы қызметтен түсетін кірістерді Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шеңберінде дербес басқарады.
11.11. Қоғамның экономикалық қызметі оның Жарғысында бекітілген мақсаттары мен міндеттерімен, сондай-ақ Кәсіпкерлікке Уәкілетті органы арқылы тартылған мемлекеттің тапсырыстары бойынша айқындалады. Басқа шаруашылық қызметіне жол берілмейді.
11.12. Кәсіпорынның кірістер тәртібін Құрылтайшы анықтайды.
12. Кәсіпорынның қызметін қаржыландыру
12.1. Кәсіпорын қызметі бюджет қаражатынан,құрылтайшы бекіткен мемлекеттік тапсырыс бөле отырып,смета бойынша өз кірістерінен қаржыландырылады.
12.2. Кәсіпорын бюджеттен тыс алған кірістер жергілікті бюджетке аударылуға жатады.
13. Кәсіпорынның жауапкершілігі
13.1. Кәсіпорын өзінің міндеттемелері, қаражаты үшін жауап береді.Кәсіпорынды тарату жағдайларын қоспағанда,кәсіпорынның қалған мүлкін өндіріп алуға жол берілмейді.
13.2. Кәсіпорын мүлігі меншігінің міндеттемелері бойынша жауапты болмайды. Кәспорынның ақшасы жетпегенде оның міндеттемелері бойынша жауапкершілікті әкімшілік аумақтық бірлік тартады. Кәсіпорынның шартындағы міндеттемелер бойынша әкімшілік аумақтық бірлік мемлекеттік тапсырысты орындау аясында ғана жауапкершіліктк тартады
13.3. Зейнетақы төлеу жөніндегі Мемлекеттік орталықтын міндеттемелері бойынша толық көлемде жауапкершілікті Қазақстан Республикасының Үкіметі жауапты болады.
14. Кәсіпорын мен Құрылтайшы, кәсіпорын мен Уәкілетті органның, Кәсіпорын мен оның еңбек ұжымы арасындағы қарым-қатынас.
14.1. Кәсіпорын мен Құрылтайшы, кәсіпорын мен Уәкілетті органның, Кәсіпорын мен оның еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
14.2. Заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті біліктілік талаптарына сәйкес, бос әкімшілік лауазымдарға Кәсіпорынның азаматтар құқығымен ие болады.
14.3. Мемлемекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыныныда педагогикалық қызметті(оқыту мен тәрбиелеу) педагогтер, әдіскерлер,педагог-ұйымдастырушылар,оған теңестірілген адамдар тиісті бейіндегі мамандар жүзеге асырады.
14.4. Жұмысқа қабылдауда екі жақтың да құқықтары мен міндеттері көрсетілген, қолданыстағы заңнамада көрсетілген еңбекақы төлемі туралы шарттары көрсетілген жазбаша келісім шартқа отырады.
14.5. Мемлемекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын қызметкерлерінің еңбекақы төлеу жүйесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен айқындалады.
Мемлемекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындар қызметкерлердің жалақысы менлауазымдық жалақысы олардың біліктілігіне,функционалдық міндеттеріне сәйкес мамандығы бойынша жұмыс өтілі ескеріле отырып белгіленеді.
15. Мемлекеттік мекеменің қызметін тоқтату және жабу.
15.1.Мемлекеттiк мекеменi қайта ұйымдастыруы (біріктіру, қосу, бөлу, шығарып тастау, қайта құру) және таратуы (қосу, бөлу, шығарып тастау, қайта құру) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес жүзеге асырылады.
15.2.Тарату мынадай жағдайларда жүргізіледі: Кәсіпорын Құрылтайшының шешімі бойынша, сот шешімі бойынша: мемлекеттік тіркеу банкроттық немесе жарамсыз деп танылған жағдайында.Таратылған Кәсіпорын мүлiгi Құрылтайшымен қайта таратылады.
16. Қорытынды ережелер
16.1. Осы жарғы оның мемлекеттiк тiркеуiнен кейiн күшiне енедi.
16.2. Жарғыға өзгерiстер мен толықтырулар құрылтайшының шешiмi бойынша жарғының мәтiнiн өзгерту, не жарғыға жеке сөйлемдердi енгiзу арқылы енгiзiледi.
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік
мекемесінің «Айыртау ауданының білім бөлімі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Қосымша
білім беру орталығы» мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорнының басшысы Жақыпов С.К.
Мақаланы құрған күні 13.04.2022 09:03
Мақаланы жаңартқан күні 05.09.2022 14:04