logo

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Айыртау ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Қосымша білім беру орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

«ЖАСЫЛ МЕКЕН» ЧЕЛЛЕНДЖІ

13 мамырда Айыртау ауданының қосымша білім беру орталығының ұстаздары мен оқушылары «Тоғыз айға 9 іс-шара» аясында білім беру ұйымдары арасындағы республикалық «Жасыл мекен» челленджін бірауыздан қолдап, шахмат үйірмесінің, қыш өнері, музыка және изостудия бөлімдерінің ұстаздары мен оқушылары орталық аумағына жас көшеттер отырғызды.

«Жасыл мекен» челленджі көктемде көшет отырғызу арқылы қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарауды дәріптеумен қатар, еңбекқорлыққа баулу, айналаны көгалдандыруға, абаттандыруға бастама болып табылады.

«Жасыл мекен» челленджі білім алушылардың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, қоршаған ортаға қамқорлық сезімін оятуға, табиғат пен қоршаған ортаны құрметтеуге, адамдарға деген қамқорлық сезімін дамытуға және еңбекке деген құрмет сезімін оятуға бағытталған.

# табиғатқақамқорлық
# жасылмекен
# еңбекқорлық

13.05.2023
Қаралым саны: 88