logo

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Айыртау ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Қосымша білім беру орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Орталықтағы ашық есік күні

Бүгінгі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі оң өзгерістер қосымша білім берудің маңызын арттыруда. Қосымша білім беру ұйымдары жалпы білім беретін мектептер базасында балалар мен жасөспірімдерді шығармашылық белсенділікке, өз бетінше білімін жетілдіруге ынталандырады.

Қосымша білім беру орталығы - бұл тұтас бір әлем, шығармашылық пен ойын-сауық әлемі! Мұнда әркім өзіне ұнаған іспен айналысуға мүмкіндік бар: ән айту, билеу, тоқу немесе мүсіндеу, сурет салу және қолөнер жасау.

Білім беру процесінің мақсаты-білім алушылардың өзін-өзі көрсетуі, өзін-өзі дамытуы және өзін-өзі анықтауы үшін жағдай жасау.

Қыркүйектің 15 күні Айыртау ауданының «Қосымша білім беру орталығында» 1 сыныпқа қабылданған оқушылар мен ата-аналарға арналған «Ашық есік күні!» өтті. Орталығымыздың оқу-тәрбие ісі жөніндегі басшының орынбасары Анна Валерьевна Золотова құттықтап, орталығымыздың өмірімен таныстырды.

Оқушылар мен ата-аналар орталықтың сынып бөлмелерін аралап, оқу процесімен танысты. Жас суретшілеріміздің салған шығармаларымен көрме арқылы танысып, шағын мерекелік концертімізді тамашалады.

Қазіргі уақытта «Қосымша білім беру орталығында балалармен жұмыс істеу үшін барлық жағдайлар жасалған: кабинеттер үйірмелердің бағыттылық ерекшелігіне сай безендірілген, 100 орынға арналған акт залы бар.  

Орталығымыз 12 бағытта жұмыс жасайды. Олар: «Домбыра», «Фортепиано», «Бейнелеу өнері студиясы», «Шеберлер үйірмесі», «Қыш үйірмесі» «Вокал», «Юный баянист», «Үрмелі аспаптар», «Домбыра ансамблі», «Шахмат», «Хореография», «Жас видеограф».

Біздің орталықта осы өнердің түрлерін үйрететін талантты 22 педагог жұмыс істейді.

Сонымен қатар жазда мекемеге кірер алдындағы аумақта ландшафтық көгалдандыру жүргізілді.

Бибігүл МЕЙРАМОВА,
Айыртау ауданының қосымша білім беру орталығының бұқаралық бөлім басшысы.

15.09.2022
Қаралым саны: 53