logo

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Айыртау ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Қосымша білім беру орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

ЖАС ДОМБЫРАШЫЛАР БАЙҚАУЫ

14 сәуірде Айыртау ауданының қосымша білім беру орталығында домбыра сыныбының мұғалімі Айгүл Қанатаеваның ұйымдастыруымен «Бабалардың көзіндей қасиетті домбыра» атты 1 сынып оқушылары арасында домбырашылар байқауы болып өтті.

Осынау ұйымдастырылған сайысқа атадан балаға мирас болған аспаптың құлағында ойнайтын 14 өнерпаз қатысты.

Байқаудың бір ерекшелігі - осы байқау жабық перде сыртында өтті.
Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра. Қос ішектен төгілген күй жанды тебірентпей, тербетпей қоймайтыны рас. Сондықтан да ата-бабаларымыз ежелден бері бұл аспапты қадірлеп-қастерлеп келеді. Кейінгі буын өкілдері де ерекше құрметтейді. Бұл жолғы байқаудың мақсаты – дарынды оқушыларды насихаттау, музыкалық шеберлікті шыңдау, жас музыканттардың шығармашылық әлеуетін дамыту, балалар мен жасөспірімдерді көркем өнерге баулу, елдегі ұлттық мәдениеттің дамуына үлес қосу.

Байқаудың қорытындысы бойынша Рамазанов Әрсен халық күйі «Тепен көк», Наймантай Гүлзада халық күйі «Жастар биі», Ерімжанов Нұрәли халық күйі «Көк Дөнен» және Гайер Лидия халық күйі «Көк Дөнен» күйлерімен жүлделі ІІІ орынды еншілесе, Ерімжанов Мағжан халық күйі «Жастар биі», Қайыржан Нұрислам халық күйі «Көк Дөнен», Шыңғыс Айым халық күйі «Көк Дөнен», Асқаров Қайсар халық күйі «Көк Дөнен», Әшімов Дастан халық күйі «Көк Дөнен» күйлерін нақышына келтіріп орындап жүлделі ІІ орынға ие болды. Ал жүлделі І орынға Тастанова наргиз М.Әубәкіровтің «Өрнек», Жаңбыршы Айбек халық күйі «Тепен көк», Ерімжанжанова Айғаным халық күйі «Кеңес» және Қуандық Камила халық күйі «Жастар биі» күйлерімен лайық деп танылды.

Ал байқаудың Бас жүлдесі (Гран-При) халық күйі «Кеңес» күйімен Серік Алдиярға бұйырды.

Барлық жүлдегерлер арнайы дипломдармен марапатталды.

 

14.04.2023
Қаралым саны: 51