Айыртау ауданының қосымша білім беру орталығының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес орталық педагогтары арасында «Қосымша білім беру орталығының ең үздік педагогі – 2023» атты шығармашылық сайысы өткен болатын.
Сайыста әрбір педагог жыл бойы академиялық екі ашық сабақ беріп, оқушыларының республикалық, облыстық және аудандық байқауларда жеткен жетістіктері де бағаланды.
25 мамыр күні Ақан сері атындағы аудандық Мәдениет үйінде өткен қорытынды концертінде сайысқа қатысқан вокал сыныбының мұғалімі Әсел Сейтахметова «Өнегелі ұстаз» номинациясында, домбыра сыныбының мұғалімі Марат Кенжеболатов «Үздік сабақ» номинациясында және фортепиано сыныбының мұғалімі Фаниль Шаймарданов «Үздік педагог – 2023» дәрежесінде орталық басшысының дипломдарымен және білім беру қызметкерлерінің Айыртау аудандық кәсіподақ комитетінің бағалы сыйлықтарымен, ал орталығымыздың үздік педагогы атағына ие болған Фаниль Шаймарданов басшының дипломымен және білім беру қызметкерлерінің Айыртау аудандық кәсіподақ комитетінің «Сосновый бор» шипажайына берілген сертификатымен марапатталды.
Қаралым саны: 69




