logo

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Айыртау ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Қосымша білім беру орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Орталықтағы халықаралық музыка күні

Музыка жан-дүниемізді тербетіп, сезім пернелерін дәл басады. Әсем әуен ой-қиялымызға қанат бітіріп, көңіл сарайына нұрын төгеді. Қазақтың батырлар жыры, әні мен күйі, тереңнен толғайтын термелері – ерік-жігеріңді жанып, таусылмас қуат береді.

Бұл халықаралық атаулы күнді ең бірінші болып кеңестік сазгер, педагог әрі қоғам қайраткері Дмитрий Шостакович ұсынған болатын. Ал ЮНЕСКО шешімімен ресми түрде 1975 жылы 1 қазаннан тойлана бастады.

Бұл мерекенің мақсаты – қоғамда музыкалық өнердің насихатталуы және ең бастысы – адамдар, халықтар арасындағы мәдени эстетикалық құндылықтарды түзу.

Иә, адамның музыкасын өмір сүруін елестетудің өзі қиын. «Құлақтан кіріп, бойды алар, Әсем ән мен тәтті күй». Абай айтқан.

Қазір де адам баласына музыка қажет. Тіпті тылсым күшімен адам жанын баурайтын қасиетін байқасақ болар еді. Тұманды тарихта шертілген бір-екі нотаның өзі бүгінге дейін жетіп, музыканың алтын қорында сақталып жатыр. Олар – мәңгі...

28 қыркүйекте Халықаралық музыка күніне орай Айыртау ауданының қосымша білім беру орталығының музыка бөлімінің оқушыларымен танымал композиторлардың музыканы насихаттауға бағытталған мерекелік іс-шара болып өтті.

Орталық ұстаздарының дайындауымен оқушыларға түрлі викториналық сұрақтар қойылып, музыка әуенімен түрлі ойындар да ойнатылды. Мереке соңында музыка бөлімінің 1 сыныбына қабылданған оқушыларға арнайы естелік сыйлықтар тапсырылды.

28.09.2022
Қаралым саны: 104