logo

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Айыртау ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Қосымша білім беру орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

ЖАРҚЫРАЙ БЕР ЖАС ТАЛАНТ

31 наурыз күні аудандық Ақан сері атындағы Мәдениет үйінде облыстық «Каблучок» байқауының аудандық кезеңі болып өтті. Қазақ, татар, өзбек, орыс халқының билері. 130 астам ұлт өкілдері өмір сүретін біздің елімізге бұл туындылардың ешқайсысы да таңсық емес.

Шеберліктерін шыңдауда бәсекелестік неғұрлым мықты болса, нәтиже де арта түсетіні анық. «Ажар» халық би ансамблінің жетекшісі Зәмзагүл Айтжанова: Бәрінен бұрын біз орындау шеберлігі мен көркемдік жетекшінің қойылымдық техника жағынан жасаған жұмысын бағалаймыз. Әрине, оның ішіне сапа мен еңбек, әртістік шеберлік пен сахнада өзін өзі ұстауы да кіреді. Осының бәрі ұштасқанда ғана шығармашылық топ жетістікке жете алады,-дейді.

Байқауға аудан мектептерінің барлық би ұжымдары қатысты. Олар 3 жас санаты бойынша өнер көрсетті. Сайыс барысында өнерпаздар заманауи, ұлттық билері бойынша сынға түсті.

4-6 жас аралығында 4 топ өнерлерін көрсетті. «Халық би» аталымында «Родничок» ясли-бақшасынан «Аққулар» биімен Аққулар би тобы бірінші орын, Комаровка негізгі мектебінің би тобы «Қамажай» биімен екінші орынға ие болса, айыртаулық «Айгөлек» би тобы «Шашу» биімен үшінші орыннан көріне білді. Осы жас аралығында «Заманауи би» аталымында «Родничок» ясли-бақшасының тәрбиеленушілері «Маленькие гномики» биімен көрермендерді баурап алып бірінші орынды иеленді.

7-10 жас аралығында өнер көрсеткен 8 топ та аянып қалмады. «Халық биі» аталымында Айыртау орта мектебінің «Қырандар» биі ІІІ орынды иеленсе, аудандық қосымша білім беру орталығының Айғаным мен Аққу би топтары Көркем мен Мереке атты билерімен ІІ және І орындарын бөлісті. Заманауи би аталымында Комаровка негізгі мектебінің оқушылары ІІІ орынды иленсе, Қосымша білім беру орталығының бишілері ІІ және І орындарды жеңіп алды. Ал осы орталықтың «Айғаным» би тобы «Хулиганить» биімен Бас жүлдеге ие болды.

11-13 жас аралығында «Халық биі» аталымында Кирилловка ауылдық клубының «Мы танцуем» тобы «Саржайлау» биімен ІІІ орынға шықса, Саумалкөл қазақ орта мектебінің «Нұрай» би тобы ІІ орынды иеленді. Ал заманауи би аталымында Кирилловка ауылдық клубының бишілері ІІІ орын, аудандық қосымша білім беру орталығыныі «Ай-ару» би тобы «Стиляги» биімен ІІ орын, Мәдениет орта мектебінің бишілері «Рамп-пам-па» биімен І орынды иеленді.

14-18 жас аралығында Саумалкөл қазақ орта мектебінің оқушылары «Құдаша» биімен қатысқаны үшін марапатталса, Казанка орта мектебінің оқушылары ІІ орын, Имантау орта мектебінің оқушылары «Күркәм» би тобы «Саям жаным» биімен І орынды иеленді.

Жүлделерден бөлек, бастысы ұжымдар өз араларында тәжірибе алмасып, шеберлік шыңдалды.

31.03.2023
Қаралым саны: 49