20 мамырда Парламент Мәжілісінің депутаты Дмитрий Колода жұмыс сапарымен Айыртау ауданының қосымша білім беру орталығында болып, ауданның білім беру қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Дмитрий Владимирович мұғалімдермен әңгіме барысында ҚР Конституциясына енгізілген өзгерістер елдегі саяси реформаларды жүргізудің басты құралдарының бірі, әлеуметтік-экономикалық реформалар бағытын өзгертудің негізі болатынын атап өтті. Мемлекет басшысы өкілеттігінің бір бөлігі еліміздің Парламент Мәжілісіне беріледі, депутаттардың бюджет қаражатының жұмсалуын бақылау саласындағы құқықтары кеңейтіледі.
Осыған байланысты, Дмитрий Владимирович референдумның маңыздылығы ерекше, өйткені елдің халқы мемлекеттің болашақ дамуы туралы одан әрі шешім қабылдайды. «Конституцияға енгізілген түзетулер саяси жүйені демократияландыруға бағытталған. Сондықтан әрбір азамат өзінің саналы таңдауын жасауы тиіс», - деп кездесуді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дмитрий Колода қорытындылап, кездесуге қатысушыларды 5 маусымда жалпыұлттық референдумға қатысуға шақырды.
Қаралым саны: 62




