logo

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Айыртау ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Қосымша білім беру орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ – БАЛАЛАРДЫҢ БОЛАШАҒЫНА БАҒДАР

Қосымша білім беру - бұл оқушыларға негізгі оқу жоспарынан тыс білімдері мен дағдыларын кеңейтуге мүмкіндік беретін процесс. Оқытудың бұл түрі Айыртау ауданының қосымша білім беру орталығында белсенді жүзеге асырылуда.

12 қаңтарда Айыртау ауданының қосымша білім беру орталығының мұғалімдер ұжымы мен қамқоршылық кеңесінің төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Ирина Юлиановна Бурковскаяның қатысуымен ата-аналар жиналысы болып өтті.

Қосымша білім беру орталығында балалармен жұмыс үйірмелер мен бөлімшелерде өтеді. Қосымша білім беру орталығында 12 үйірме жұмыс істейді. Олардағы сабақтар бір пән бойынша өтеді.

Оқытушылар бағдарламалар бойынша жұмыс жүргізеді.

Изостудияда, хореография сыныбында, музыка бөлімінде оқытушылар ҚР Білім және ғылым министрлігі бекіткен типтік оқу жоспары мен бағдарламалары бойынша өз жұмыстарын жүргізеді. Сондықтан балаларға қойылатын талаптар жалпы білім беретін мектеп сияқты. Бөлімдерде бірнеше пәндер оқытылады.

Изостудияға келесі пәндер кіреді: сурет, кескіндеме, бейнелеу өнері тарихы, мүсін. Хореография - классикалық би, ритмикалық би, заманауи би, таңдау пәні. Музыкалық бөлімде оқушылар арнайы пәнді (фортепиано, домбыра), сольфеджионы, қазақ музыкалық әдебиетін, әлемдік музыкалық әдебиетті оқиды, хорға қатысады.

Барлық осы пәндер бойынша сынақтар мен бағалар қойылады, түлектерге бөлімді бітіргені туралы куәлік беріледі.

Айыртау ауданының қосымша білім беру орталығы басшысының міндетін атқарушы Бибігүл Мейрамова және оқу ісінің меңгерушісі Анна Золотова ата-аналарға қосымша білім беру орталығында оқу және үйірмелерге бару ерекшеліктері туралы және түлектердің жетістіктері туралы айтып берді.

Мысалы, 2022 жылы бейнелеу өнері студиясының түлегі Ангелина Журавель СҚМУ-дың «Дизайн және сән» факультетіне грантқа түсті; музыка бөлімінің түлегі Мерей Баймағамбетова Алматы қаласындағы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында оқиды. Биылғы оқу жылында домбыра сыныбының түлегі Аяжан Тәттібаева Көкшетау қаласындағы Біржан сал атындағы өнер колледжіне оқуға түсті.

Ауданның қосымша білім беру орталығының оқушылары республикалық, облыстық және аудандық конкурстарға белсене қатысады. Өткен оқу жылында 80-ге жуық тәрбиеленуші 17 облыстық байқауға қатысты. Домбыра сыныбының оқушылары Айбота Қалымтай мен Ману Балтабекова Көкшетау қаласында өткен Манарбек Бексейітов атындағы «Өнер қанаты» V Республикалық жас музыканттар байқауында ІІ және І орындарға ие болып, арнайы дипломдармен марапатталды. Ал изостудия бөлімінің түлегі Айғаным Кенжебаева Қарағанды қаласында өткен «Өнер» республикалық балалар бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер конкурсының II дәрежелі дипломымен марапатталса, «Бояулар құпиясы» республикалық балалар суреті конкурсының облыстық кезеңінің жеңімпазы ретінде ағымдағы оқу жылының басында Өскемен қаласында өткен қорытынды конкурсқа қатысты. Домбыра сыныбының түлегі Аяжан Тәттібаева III Республикалық «Домбыра – дастан» күй байқауында І орын алды. 

Қосымша білім беру орталығы жыл сайын аудандық іс-шараларды өткізеді: қосымша білім беру орталығы базасында және аудан мектептерінде - шахматтан жарыстар, аудандық мәдениет үйінің базасында - облыстық «Приишимья жұлдыздары», «Каблучок» конкурстардың аудандық кезеңдері, қорытынды концерттер өтеді.

Оқушылар оқытушылармен бірге аудандық семинарларға қатысады, аудан және облыс мұғалімдеріне шеберлік сыныптарын өткізеді. Биылғы оқу жылында Тайынша ауданы мен Лобаново ауылында өткен облыстық семинарларға қатысты.

Музыкалық бөлімде оқытудың ерекшеліктері туралы ата-аналарға фортепиано сыныбының оқытушысы Руфия Савченко және вокал сыныбының оқытушысы Әсел Сейтахметовалар ата-аналарға пәндерге байыпты қарау, үй тапсырмаларын жүйелі түрде орындау, арнайы пәнді сәтті игеруге ықпал ететін үй жағдайларын жасау қажеттілігін айтып өтті.

Қосымша білім беру орталығы басшысының міндетін атқарушы Бибігүл Өмірбекқызы ата-аналарға жыл қорытындысы бойынша жыл сайынғы есепті концертті өткізуді қолдауды, өнер көрсету үшін костюм тігу кезінде демеушілік көмек көрсетуді сұрады.

Ол өз сөзінде ата-аналарға балалардың шығармашылық бағытта дамуы туралы қамқорлығы болашақта өз жемісін беруі керектігін атап өтті.

15.01.2024
Қаралым саны: 73