Қосымша білім беру орталығы - бұл тұтас бір әлем, шығармашылық пен ойын-сауық әлемі! Мұнда әркім өзіне ұнаған іспен айналысуға мүмкіндік бар: ән айту, билеу, тоқу немесе мүсіндеу, сурет салу және қолөнер жасау.
Қыркүйектің 16 күні Айыртау ауданының «Қосымша білім беру орталығында» 1 сыныпқа қабылданған оқушылар мен ата-аналарға арналған «Ашық есік күні!» өтті. Орталық басшысының міндетін атқарушы Бибігүл Мейрамова салтанатты шараға қатысушы оқушылар мен ата-аналарын оқу жылының басталуымен құттықтап, «Менің елім - менің жерім» номинациясы бойынша «Бояулар құпиясы» Республикалық жас суретшілер байқауының облыстық кезеңінің жеңімпазы Кенжебаева Айғанымды және «Менің елім - менің жерім» номинациясы бойынша «Бояулар құпиясы» Республикалық жас суретшілер байқауының облыстық кезеңіне қатысқандары үшін Кабдуалиева Замира, Гильгенберг Полина және Тұяқ Алуаларды арнайы дипломдармен және естелік сыйлықтарымен марапаттады.
Байқауға қатысқан оқушыларға арнайы сыйлық әзірлеген «Аманат» партиясы Айыртау аудандық филиалына шексіз алғысымызды білдіреміз.
Салтанатты марапаттаудан кейін, орталық оқушыларының шағын мерекелік концертімен жалғасып оқу-тәрбие ісі жөніндегі басшының орынбасары Анна Золотова орталығымыздың өмірімен таныстырды.
Оқушылар мен ата-аналар орталықтың сынып бөлмелерін аралап, оқу процесімен танысты. Жас суретшілеріміздің салған шығармаларымен көрме ұйымдастырылды.
Қаралым саны: 65






















