20 қарашада облыс орталығы Петропавл қаласының Оқушылар сарайында «Жас жұлдыздар» облыстық байқауы болып өтті.
Байқаудың міндеттері мен мақсаттары: Музыка, хореография, театр саласында қосымша білім беру мазмұнын дамыту. Жас ұрпақтың шығармашылық қабілеттерінің сапалық нәтижелерін анықтау. Шығармашылық әлеуетті дамыту, қала және облыс мектептерінің оқушылары арасында шығармашылық тәжірибені арттыру және алмасу.
Байқауға біздің Айыртау ауданының қосымша білім беру орталығының хореография, вокал және аспаптық орындау бағытында 50 оқушы қатынасып, әр номинацияда жас ерекшеліктеріне байланысты төмендегі оқушылар жүлделі орындарға ие болды:
Хореография бөлімінің «Аққу» би ансамблі «Буратино» биімен – (жетекшісі Мерей Уәлихан), «Вокал» номинациясы бойынша Бірлікбай Әли – (жетекшісі Әсел Сейтахметова), «Аспапта орындау (домбыра)» номинациясында «Айыртау қырандары» триосы - Әшімов Дастан, Жаңбыршы Айбек, Серік Алдияр - (жетекшісі Диас Әлібеков), «Аспапта орындау (домбыра)» номинациясы бойынша жеке орындауда Балтабекова Ману – (жетекшісі Марат Кенжеболатов) жүлделі ІІІ орындарға ие болса, «Вокал» номинациясында Ерсін Кәусар – (жетекшісі Әсел Сейтахметова) және «Аспапта орындау (домбыра)» номинациясы бойынша дуэт Балтабекова Ману мен Қалымтай Айбота – (жетекшісі Гүлбарам Әлібекова) жүлделі ІІ орындарға қол жеткізді.
Барлық жүлдегерлер арнайы дипломдармен марапатталды.
Қаралым саны: 89






















