logo

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Айыртау ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Қосымша білім беру орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Сыңғырла, соңғы қоңырау

«Ел іші – өнер кеніші» деген аталы сөздің нақ айтылатын орнын дәл осы күні, яғни 25 мамыр күні Ақан сері атындағы аудандық Мәдениет үйінің көрермендер залында аудандық Қосымша білім беру орталығының шәкірттері мен ұстаздары дәлелдей алды десек, қателеспегеніміз.

«Соңғы қоңырау» атты қорытынды концерттің басынан аяғына дейін ұжымның аз тер төкпегені, ұстаздардың шәкірттеріне барын аямай бергені, бала жасынан бала жадында тез тоқылатын өнер деген қасиеттерді бойларына сіңіруде үлкен махаббат пен жауапкершілік жатқанын анық аңғарғандаймыз.

Кез келген үлкен сахнаның төрінде болуға лайық өнердің төресі – қазақтың күйшілік өнері, домбырамыздың күмбірлеген қоңыр да әсем үні концерттің шымылдығын ашып, көрермендерді рухтандырып, серпілтіп алды. Тойдың басы деп халық күйі «Тойбастарды» орындаған Дәуқара және Бірлестік домбыра ансамбльдерінің ұжымы халықтың ыстық ықыласына бөленді.

Концерт барысында аудандық, облыстық, республикалық байқаулар мен жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, аталмыш білім беру орталығының ұжымы түрлі салада, түрлі бағыттағы өз өнерлерін көрсетті.

Концерттің соңында аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Жүсіпов аудан әкімінің Алғыс хатын ұжым басшылығына табыстап, алдағы уақытта да тек биіктерден көрінуге, жетістерге жете отырып, толағай табыстарға ие болуға және шығармашылық өрлеу тіледі.

Сонымен қатар, аудандық білім бөлімінің әдіскері Әдемі Сахаева да ұжымға жетістіктер мен табыстар тіледі.

Қосымша білім беру орталығының оқу ісінің меңгерушісі Анна Золотова ағымдағы оқу жылын үздік аяқтаған оқу озаттарын марапаттап, «Қосымша білім беру орталығының» биылғы түлектеріне куәлік тапсыру салтанатын өткізді. Және де республикалық, облыстық байқаулардың жеңімпаздарын марапаттады.

«Қосымша білім беру орталығының» «Үздік педагогы-2023» байқауының қорытындысы бойынша аталым бірауыздан Шаймарданов Фаниль Максутовичқа бұйырды. Ауданның білім беру қызметкерлері кәсіподағының аудандық комитеті Фанил Максутовичті «Сосновый бор» шипажайына жолдамамен марапаттайды.

«Өнегелі ұстаз» номинациясы бойынша домбыра сыныбының оқытушысы Марат Оразғалиұлы Кенжеболатов марапатталды.

«Үздік сабақ» номинациясында Эстрадалық вокал оқытушысы Әсел Жексембайқызы Сейтахметова марапатталады.

Қосымша білім беру орталығының өміріне ағымдағы оқу жылында белсенді ат салысқан ата-аналары да марапатталып, құрмет көрсетілді.

Концерт басталмас бұрын Мәдениет үйінің кіреберіс холында аталған білім және өнер ұжымының ұстаздары мен шәкірттері әзірлеген көрмелер көрермендер назарына ұсынылып, жоғары бағаға ие болды.

 

25.05.2023
Қаралым саны: 67