logo

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Айыртау ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Қосымша білім беру орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

МАҢЫЗДЫ ҚҰЖАТ

2023 жылғы 8 қыркүйек күні Айыртау ауданының қосымша білім беру орталығының ұстаздар ұжымы Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2023 жылғы 1 қыркүйекте Қазақстан халқына арнаған «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауын талқылады.

Талқылауда орталық басшысының міндетін атқарушы Бибігүл Мейрамова балаларға сапалы білім беру мәселелері жөніндегі маңызды ақпараттарға тоқталып өтті.

«2020 жылдан бері мұғалімдердің жалақысы екі есе өсті. Дәрігерлердің айлығы да айтарлықтай көбейді. Қазір олардың табысы еліміздегі орташа жалақыдан әлдеқайда жоғары. Жұртқа зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалану мүмкіндігі берілді. Миллионға жуық адам осы жобаның игілігін көрді – тұрғын үй мәселесін шешіп, баспаналы болды. «Жайлы мектеп» жобасы аясында 400-ге жуық мектеп салынады. «Ұлттық қор – балаларға» жобасы қолға алынды. Соның арқасында жаңа жылдан бастап балалардың есепшотына қаражат түсе бастайды. Игерілмей жатқан немесе заңсыз берілген 8 миллион гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды», — деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев жиында нақты іске асқан шаралардың бір бөлігін ғана атап өтті. Шын мәнінде, атқарылған жұмыс көп екені мәлім. Президент болашақта да осы игі шаралар өз жалғасын табатынын айтты.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы: «Адал азамат және тұғырлы тұлға болудың негізі бала кезден қалыптасады. Сондықтан біз жас ұрпақтың қауіпсіз әрі алаңсыз өмір сүруін қамтамасыз етуге тиіспіз.

Мен Мемлекет басшысы ретінде кәмелетке толмағандарға жасалған зорлық-зомбылықтың кез келген түріне қатысты жазаны күшейтуді талап етемін.

Жол, ғимарат, киім-кешек, азық-түлік, яғни барлығы балалар үшін қауіпсіз болуы керек. Сондай-ақ өскелең ұрпақтың психикалық саулығы – өте маңызды мәселе.

Білім беру мекемелеріндегі психологиялық қолдау қызметін институционалды түрде күшейту қажет. Бірыңғай сенім телефонын ұйымдастырған жөн. Зорлық-зомбылыққа және қысымға, яғни буллингке тап болғандарға көмек көрсетуге арналған бағдарлама әзірлеу керек.

Сапалы орта білім алу – әрбір баланың мызғымас құқығы. Мұндағы ең түйінді сөз – «сапа». Сондықтан білім сапасын жақсарту және мұғалімдердің біліктілігін арттыру ауадай қажет.

Бәріне бірдей білім беру үшін интернет жылдамдығы жоғары және білім берудің цифрлы ресурстары тегін әрі қолжетімді болуы шарт. Білім беру жүйесі еңбек нарығының сұранысына қарай өзгеріп отыруы керек» — деп атап өтті Қасым-Жомарт Кемелұлы.

08.09.2023
Қаралым саны: 63