logo

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Айыртау ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Қосымша білім беру орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Маңызды шешім

2 қыркүйек күні Айыртау ауданының қосымша білім беру орталығының ұстаздар ұжымы Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2022 жылғы 1 қыркүйекте Қазақстан халқына арнаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауын талқылады.

Ел Президентінің Жолдауы еліміздің болашақ дамуы мен ертеңгі күнге бетбұрысын айқындап берді. Барлық бағыттардың дамуы, ел тағдыры үшін маңызды. Қазақ халқының әрбір азаматының көкейінде жүрген мәселені шешу жолына арналған жаңа жолдау, ел дамуы мен халқымыздың өмірінде біршама жаңашылдықтың болатынын көрсетіп бергендей. Ел Президенті өз Жолдауында қандай заман, қай қоғам болмасын білім алуды ешқашан шетке ысырып қойған емес. Қазіргі қоғам білімді жастардың қоғамы. Жас буынға білім беру жолында еңбек етіп жүргендіктен білім саласында болып жатқан барлық өзгерістер мен жаңалықтар ұстаздар жанына жақын. Ел дамуындағы барлық маңызды деген мәселелерді атап айтып, шешу жолдарын ұсына келе, ел Президенті өз жолдауындағы білім беру саласына тоқталып өтті.

Құжатта Президент білім сапасының жақсаруы мен мұғалімдерді қолдауға тағы да ерекше назар аударды. «Келесі маңызды мәселе – білім беру жүйесі. Алдымен мектепке дейінгі тәрбие жұмысы басты назарда болу керек. Оған қоса, тәрбиешілердің әлеуметтік мәртебесін арттырып, жалақысын көбейту керек. Сол үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынды. Сонымен бірге педагогикалық жоғары оқу орындарын аккредитациялаудың жаңа стандарты қабылданып, ұстаздардың құзірет аясы айқындалды» деген Мемлекет басшысы педагогикалық қызметкерлерді ғана емес, студенттерді де жігерлендіретін бірқатар нақты шараны атап өткені ұстаздар көңілінен шықты.

Сонымен қатар Президент Балалар жылы  аясында «Ұлттық қор – балаларға» атты мүлде жаңа бағдарламаның жүзеге асыру аса маңызды басымдыққа ие екенін, бұл саладағы түйткілдердің шешімін табу үшін бірқатар шара  қабылдау қажет екенін жариялай келіп, «Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызын балалардың арнаулы жинақтаушы есепшотына аудару ұсынысын бірауыздан қолдады.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы білім саласында қызмет істейтін біздер үшін өте қуанышты жаңалық болды. Себебі әр оқушының жайлы жағдайда білім алуы біз үшін маңызды. Ендігі кезекте осы жобаны барлығымыз біріге отырып іске асырсақ деген ниет бар. Қазіргі уақытта балалардың қолайсыз жағдайда білім алуы, әрине өз кедергісін келтіреді. Осы білім саласына қатысты өзгерістердің барлығын іске асыру сіз бен біздің қолымызда», – деп өз пікірлерін білдірді ұстаздар қауымы.

Сонымен бірге, Президент мандатының мерзімі 7 жыл болып, қайта сайлауға түсуіне тыйым салынатыны анық атап көрсетілді. Бұл біріншіден, біздің еліміздің демократия қағидатына беріктігін танытады, сондай-ақ, президенттік билікті көп жыл бойы иеленуге жол бермейді. 7 жылдық мерзім өзге мемлекеттер тәжірибесінде де бар, ал, бір реттен кейін қайта сайлауға түспеу туралы шешімді әзірге еш мемлекеттің басшысы жасаған жоқ. Қазақстан Президентінің «Мен үшін мемлекет мүддесі бәрінен биік» деген ұстанымы қазіргі жаһандық геосаяси үдерістерге жауап беретін өркениетті,  әділетті Қазақстан – отанымызды өркендетудің бірден-бір тарихи жолы, – деп түсінуіміз керек.

02.09.2022
Қаралым саны: 65