
Бекеев Мереке Темірбекұлы
педагогикалық өтілі 5 жыл
Бүгінде бүкіл әлемде ақпараттық қатынастық технологиялардың күн сайын қарқынды таралуы мен пайдаланылуы байқалуда. Автоматтандырылган компьтерлік техника қарқынды дамуынан туындаған өзгерістер білім беру саласында да ерекше қарқын алуда.
Қазіргі таңда әлемдік ақпараттық білім кеңістігінің тиімді жолы - білім беру саласын толықтай ақпараттандыру. Соның негізгісі – робот. Роботтар — қарқынды дамып келе жатқан болашақтың жоғарғы технологияларының бірі. Қазіргі кезде роботтар өміріміздің көптеген саласына, атап айтқанда, ғарышты игеру, денсаулық сақтау, өндіріс, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қорғаныс ісі және басқа да салаларға еніп үлгерді.
Оқушылар аталған курс аясында жаратылыстану-ғылыми бағыттағы математика, физика, информатика және т.б. пәндер бойынша алған білімі мен дағдыларын кіріктіре отырып, робот техникасы, инженерлік дизайн және технология негіздерін зерттейді.
Мақаланы құрған күні 11.10.2022 16:01
Мақаланы жаңартқан күні 11.10.2022 16:01




